Жаңаөзенде жарықпен жабдықтаушы мекеменің жұмысшысы мерт болды

Ғалиасқар Думан

Жаңаөзенде электр энергиясымен жабдықтаушы мекеменің қызметкері электр бағанасында қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

promiseelectric.com

Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.

Оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында болған.

«Жаңаөзен қаласы Рахат-3 ықшамауданы, 24-көше, 119-үйдің жанындағы жоғары вольтты электр бағанасында адам тұрғаны туралы диспетчерлік жедел жәрдемге ақпарат түсті. Жоғары вольтті (380 В) электр бағанасында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белгісіз себептермен «Өзенэнергосервис» МКҚК-нің 1992 жылғы қызметкері ток соғып, сол жерде қайтыс болғаны анықталды», - делінген баспасөз мәлімдемесінде

Айта кетейік, бұдан бұрын Атырау облысында жарық компаниясының монтері көз жұмған.