Қырғыз-тәжік шекарасында жанжал шықты

Ғалиасқар Думан

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында шекара маңы аудандарының тұрғындары арасында жанжал болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 24.kg агенттігіне сілтеме жасап.

Ankasam

Қырғызстан азаматтары, Ақ-Сай ауылының тұрғындары Д.Ж. және Д.А. Ақ-Сай — Көк-Таш автожолымен жеке автокөлікпен жолға шыққан. Осы уақытта Тәжікстан азаматтарына тиесілі сегіз көліктен тұратынк колонна Ворух анклавынан (РТ) Ходжай-Аало ауылына бет алған еді.

Тәжікстан азаматтары өз көліктерімен Қырғызстан азаматтарының жолын кесуге тырысқан.

Салдарынан Дача елді мекенінде екі ел азаматтары төбелескен.

Жанжалдың өршуіне жол бермеу мақсатында Қырғызстан ІІМ аумақтық бөлімшесінің қызметкері келеді. Алайда ол оқиға орнына жеткенде Тәжікстан азаматтары — Ходжай-Аало ауылының тұрғындары оған шабуыл жасайды. Қырғызстан ІІМ қызметкері ол жерден кетіп үлгерді, алайда Тәжікстан азаматтары оны ұрып-соғуға тырысқан, сондай-ақ оның көлігінің айнасын сындырған.