Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысы Әлия Қожабаеваға қатысты тергеу аяқталғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деп күдіктелуде. Қазіргі уақытта айыпталушы сотқа тартылды», - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қожабаеваның ұсталғаны 17 мамырда белгілі болған еді.
Ол Астана қаласы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы қызметіне 2020 жылы ақпан айында тағайындалған.