Жаңа оқу жылында оқушылар тағы маусымға дейін оқи ма

Ғалиасқар Думан

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылына орай білім беру бағдарламасындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

opennews.kz

«Біз Ы. Алтынсарин атындағы академияның ресми сайтына оқу бағдарламасы бойынша сарапшылардың шешімдерін үнемі ашық жариялаймыз. Сонымен қатар, сарапшылар өздерінің жеке парақшаларында да бөліседі. Қазір министрлік оқу бағдарламасына қатысты түпкілікті шешімді әлі қабылдаған жоқ. Бүгінде талапқа сәйкес ата-аналар қауымдастығымен талқылау жүріп жатыр. Сарапшылар мен ғалымдар өз шешімдерін қабылдады. Енді ол шешімді ата-аналар және мұғалімдер қауымымен талқылау қажет», - деді министр Үкімет кулуарында.

Бейсембаев сарапшылар өңірлерді аралап шешімдерді талқылауға кіріскенін атап өтті.

«Сарапшылар 36 апталық оқу бағдарламасын қалдыруды ұсынып отыр, яғни 1 маусымға дейін. Дегенмен, қазір қоғамдық талқылау жүріп жатыр», - деді ол.

Еске салайық, өткен оқу жылында қазақстандық оқушылар 31 мамырға дейін оқыды. 1-сынып оқушылары 35 апта, 2-11-ші сынып оқушылары 36 апта білім алды.

Бұдан бұрын экс-министр Асхат Аймағамбетов “Оқу жылын 31 мамырға дейін созу қаншалықты дұрыс болды?” деген сұраққа жауап берген.

Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа соңғы қоңырауды қайтадан 25 мамырға ауыстыру бір күнде қабылданатын шешім еместігін айтты.

Сондай-ақ, сарапшы оқу жылын ұзарту "о бастан абсурд шешім" болғанын мәлімдеді.