ШҚО-да бүлдіршін балабақша терезесін құлап кеткен: тексеру қорытындысы жарияланды

Ғалиасқар Думан

Шығыс Қазақстан облысында бүлдіршін балабақшаның екінші қабатындағы терезеден құлап кеткеннен кейін тәрбиеші жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

YK-news.kz жазуынша, оқиға 11 шілдеде Алтай қаласындағы балабақшалардың бірінде болған.

Оқиғаға қатысты Алтай аудандық білім бөлімі пікір білдірді.

«Қызметтік тексеріс барысында анықталғандай, балалар ұйықтайтын уақытта тәрбиеші құжаттарды басып шығару үшін топтан шығып кеткен. Сол кезде топта тәрбиешінің көмекшісі бөлмені жинап жатқан. Өкінішке қарай, қызметкер баланың қалай оянып, өз бетімен дәретханаға барғанын естімеген. Артынша оқыс оқиға болған», - деді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ольга Рогожина.

Бала ауруханаға жатқызылып, бір аптадан кейін үйіне шығарылды. Медициналық қорытындыға сәйкес, биіктен құлау салдарынан баланың денесінде көгерген жарақат болған.

«Міндетін тиісінше орындамағаны үшін тәрбиеші жұмыстан босатылды, оның көмекшісіне қатаң сөгіс жарияланды», - деді О. Рогожина.

Зардап шеккен баланың ата-анасының балабақшаға еш талап қоймағаны атап өтілді.