Елде Pfizer вакцинасын алатын азаматтардың тізімі кеңейтілуі мүмкін

Аян Өрібай

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, қазіргі уақытта америкалық вакцинаны балалар мен жүкті әйелдерден бөлек, тағы басқа санаттағы азаматтарға егу мәселесі пысықталып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Pfizer вакцинасына келер болсақ, бастапқы кезеңде бұл вакциналар 12 жастан бастап балаларға және жүкті әйелдерге салынатынын хабарлаған едік. Алдағы уақытта осы вакцинамен қамтылатындар тізімін кеңейтуіміз мүмкін», - деді Алексей Цой мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, Pfizer компаниясының вакцинасы 12-17 жас аралығындағы балалар мен жүкті әйелдерге рұқсат етілген жалғыз екпе. Алдағы уақытта елге осы вакцинаның 4 млн дозасы жеткізіледі.