Екібастұздағы өрт: газ құю бекетінде жас жігіттің денесі табылды

Ғалиасқар Думан

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Екібастұздың автогаз құю бекетіндегі өрт сөндірілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖД

«26 шілде сағат 13:24-те Екібастұз қаласы Қонаев, 5 көшесінде орналасқан АГҚБ газ құйылған 4 резервуар жанды. Сондай-ақ, оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған. Өрт жақын маңдағы «Феруза» азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенді. Сағат 15:22-де цистернаның жанынан жас ер адамның денесі табылды. Жеке басы анықталып жатыр. Өрт 15:00-де оқшаулауланып, 15:44-те сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталады», - делінген департамент хабарламасында.

Ведомсвто жеке үйлер жолдың арғы бетінде 100 м қашықтықта орналасқанын, тұрғындарды эвакуациялау жүргізілмегенін атап өтті.