Қостанай-Сарыкөл арасындағы жол апатынан зардап шеккендердің шінде аяғы ауыр әйел бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиға 28 шілде сағат 21:00 шамасында Қостанай-Сарыкөл автожолында, Октябрь ауылынан 15 шақырым жерде орын алды.
“ВАЗ-21099 автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Alphard көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Онда үш жолаушы, арасында жүкті әйел болған.
Апат салдарынан Ваз жүргізушісі мен Toyota жүргізушісі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді”, – деп жазды ІІМ-нен.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.