Алматы әкімдігі "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өртенген пәтерлерді қалпына келтіру жұмыстары жайлы мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"1 тамызда өрт кезінде зардап шеккен "Ақкент" ТК тұрғындары өрттің салдарын жою үшін қажет көмек алады. Тұрғын үй кешенін салушы – "Ayt housing Complex" ЖШС-мен келіссөздер жүргізілді", - деп хабарлады әкімдік.
Келіссөздер қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданған:
Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртенді. Тұрғындар өмірлерін арашалау үшін терезеден секіруге мәжбүр болды.
Алғашында 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілгені хабарланды.
Кейіннен оқиға салдарынан 1 адам мерт болып, 43-і зардап шеккені мәлім болды.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде әйелдің қаза болуының мән-жайын айтып берді.
Бұдан бұрын өртенген тұрғын үй кешенін салған компания мен оның басшылығы жайлы деректерді жариялағанбыз.