Әлемдік экономика пандемияға дейінгі деңгейге оралды

Аян Өрібай

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының болжамдары бойынша 2021-2022 жылдары әлемдік экономика қалпына келу үдісін жалғастырады. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Биылғы жылдың үшінші тоқсанында әлемдік экономика пандемияға дейінгі деңгейге қайта оралды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының болжамдары бойынша 2021-2022 жылдары ол қалпына келуді жалғастырады. 2021 жылы әлемдік ішкі жалпы өсімнің өсуі 5,7%-ті құрайды. Оның ішінде Қазақстан Республикасының негізгі сауда серіктестері болып табылатын елдер арасында Еуроаймақта 5,3%, Қытайда – 8,5%, Ресейде – 2,7% өсім күтіледі», - дейді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, әлемдегі іскерлік белсенділік индексі 3 ай төмендегеннен кейін қыркүйекте қызмет көрсету секторы есебінен 52-ден 53-ке дейін өскен.

«Әлемдік экономиканың жылдам қалпына келуі фискалдық ынталандыру тетіктері мен жеңіл ақша-несие талаптары есебінен мүмкін болып отыр», - дейді Досаев.