Кореяда қазақстандық әйел автобус жүргізушісін пышақтап кеткен

Ulysmedia

Оңтүстік Кореядағы БАҚ-тың хабарлауынша, 50 жастағы Қазақстан азаматы автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz insight.co.kr сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Кёнбу экспресс жолында болған. Қазақстандық 50 жастағы әйел автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, пышақтап кеткен. Сеулдегі Сеочо полиция бекетінің шенеуніктері 10 тамызда шабуыл жасады деген күдікпен әйелді ұстағанын хабарлады.

Полицияның ресми мәліметі бойынша, оқиға 15:12 шамасында болған. Сеулдің Сеочу қаласындағы Кёнбу экспресс жолындағы Ханнам көпірінде қазақстандық әйел автобустың әйнегін зақымдамақ болған. Бұған жауап ретінде жүргізуші автобустан түскен. Осы кезде әйел жүргізушіге пышақпен шабуылдап, қашып кеткен. Алайда 11 минуттан кейін ол қамауға алынды.

Шабуыл салдарынан автобус жүргізушісі жеңіл жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Полицейлер бұл қылмыстың себептерін анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ күдіктінің үстінен наркологиялық тексеру жасауды жоспарлап отыр.