Астана маңында болған жаппай жол апатынан үш адам қаза тапты

depositphotos

Көкшетау – Астана тасжолында төрт көлік соқтығысты. Жол апатынан үш адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға мән-жайы

Жол апаты Макинск қаласынан өткеннен кейін, Астана бағытындағы жол учаскесінде болған. Екі адам оқиға орнында көз жұмса, тағы біреуі ауруханада қайтыс болған.

Ақмола облысының полиция департаменті мәліметінше, 1 қарашада Астана – Петропавл автожолында болған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

– Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады полиция.

Контекст

Бұған дейін Ақмола облысында көлік жол жұмысшысын қағып, оның қаза тапқанын хабарланған едік.