80 адам қаза тапты: Гавай аралдарында орман өрті шықты

Ulysmedia

Гавайидегі бір қала орман өртінен толықтай дерлік жанып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Мауи аралындағы орман өртінен қаза тапқандар саны 80 адамға жетті.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, өрт құрбандарының саны артады, өйткені арнайы қызмет мыңдаған зардап шеккен ғимараттардың аумағына әлі кірген жоқ.

Қалада тұрғындарды табиғи апат туралы ескерту үшін төтенше сиреналар қағыла ма, белгісіз. Кейбір мәліметтер бойынша, өрт кезінде олар жұмыс істемеген.

Гавайи штатының губернаторы Джош Грин ескерту жүйесін тексеруді бастады және Лахайнаға ең үлкен қауіп төнген уақытта бірнеше мәселе туындағанын айтты. Мәселен, байланыс үзіліп, өрт сөндірушілер басқа орман өрттеріне назар аударған.