"АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы апат: 4 адам ауруханаға түсті

Ғалиасқар Думан

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасынан 222 қызметкер жер бетіне шығарылды, 5 адам әлі құтқарылған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

inbusiness.kz

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, апат орнында дәрігерлерге 13 адам жүгінген. Олар бас ауруы, жөтелге шағымдануда. Қазіргі уақытта төртеуі ауруханаға жатқызылды: екеуі – Шахтинск орталық ауруханасына, екеуі – облыстық медициналық орталыққа.

“Оқиға орныңда "КӘАҚҚ" РО бөлімшесі және ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталады”, – делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай,  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстандық» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. Жұмысшылар бүйірлік оқпан арқылы шахтадан жер бетіне шығарылып жатыр.Шахтада барлығы 227 адам болған, адамдар шахтадан қапталдағы оқпан арқылы жер бетіне шығарылуда.