Биыл Қазақстанда қанша мектеп пайдалануға берілді

Айнель Аянова

Елімізде 2023 жылғы қаңтар-шілде аралығында 13 589 орынға арналған жалпы білім беретін 24 мектеп, сондай-ақ 1458 орынға есептелеген мектепке дейінгі 19 ұйым пайдалануға берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, пайдалануға берілген мектептердің ішінде 12 мектеп пен мектепке дейінгі 14 мекеме ауылды жерлерде орналасқан.

Айта кету керек, 6 мектеп мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен, қалған 18-і жекеменшік кәсіпорындар тарапынан пайдалануға берілген.

Жоғарыда аталған уақыт аралығында пайдалануға берілген жалпы білім беретін мектептердің көпшілігі Түркістан облысында – 11, Жетісу облысында – 3, Атырау және Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында 2 мектептен. Астана қаласы және Ақтөбе облысында бір-бірден.

Салыстырып өтсек, былтырғы алғашқы жеті ай ішінде 3 000 орындық жалпы білім беретін 13 мектеп пен 1600 орындық мектепке дейінгі 13 мекеме пайдалануға берілген.

Айта кетейік, бұдан бұрын жемқорлардан тәркіленген қаржыға 62 мектеп салынып жатқаны хабарланған.