Балқашта жол апатынан 9 адам қаза тапты

Ulysmedia

19 тамыз күні сағат 6:00 шамасында Балқаш - Приозерск тас жолында, Гүлшат кентінен 5 шақырым жерде Toyota Camry 70 пен Honda Odyssey көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

“Салдарынан 9 адам оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы ауруханаға жеткізілді”, - деп хабарлады Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы Айткен Кадрин.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.