Ақтаудың демалыс орындарында жасөспірім қыз бен көпбалалы әке суға батып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қайғылы оқиға жексенбі, яғни 20 тамызда болған.
«Монтажник» демалыс орнында сағат 11.47-де 14 жастағы қыздың суға батып кеткен анықталды.
Екінші қайғылы оқиға жақын маңдағы «Бриз» демалыс орталығында болды. 36 жастағы ер адам сағат 18.00 шамасында суға батып кетті», - делінген жедел жәрдем хабарламасында.
Әоеуметтік желіде марқұмның бес баланың әкесі екені хабарланды.
Екі жағдайда да өлім дәрігерлер келгенге дейін болған.