Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1958 жылы туған жүргізуші «Тойота Виндом» автокөлігімен Нұрмағамбетов көшесімен жүріп, жол бермей, 2008 жылы туған жасөспірім басқаратын мопедпен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала ауруханаға түсті», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған жағдай бойынша тексеру жүргізілуде.