«Жайлы мектеп»: жобаға бөлінетін триллиондар шалғай ауылдарға жете ме?

Айнель Аянова

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2,4 трлн теңгеге 369 мектеп салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

“Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған. Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарлануда”, – делінген үкімет хабарламасында.

Шенеуніктер қалаларда – 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны бой көтеретініне сендіріп отыр.

Олардың сөзінше, 217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

Жалпы жобаны жүзеге асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінбек.

Айта кетейік, бұдан бұрын Samruk-Kazyna Construction АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов "жайлы мектептерде" инфрақұрылымдық проблемалар болмайтынына сендірген.