«Полицейлер «түнгі көбелектерді» тасып жүр»: ІІМ шулы видеоға түсініктеме берді

Ғалиасқар Думан

Желіде екі бойжеткеннің түнгі уақытта полицияның қызметтік автокөлігіне отырып жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Бейнежазбада автор «Шымкент полициясының қызметтік көлікпен «түнгі көбелектерді» тасып жүргені» туралы айтқан.

Ішкі істер министрлігі қоғамда екіұшты пікір тудырған видеоға қатысты түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, оқиға 22 тамызда кешкі уақытта болған.

«Әкімшілік аумақта қызмет атқару кезінде Тұран АПБ патрульдік полиция полкінің автоэкипаж инспекторларынан екі қыз көмек сұраған. Қыздар саябақта белгісіз ер адамдар оларға тиіскенін хабарлаған (ауызша арызданған). Арызданушылармен бірге жақын маңдағы аумақтарды аралаған тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды таппай, қыздардың өтініші бойынша оларды қауіпсіз жерге түсіріп кеткен», - делінген хабарламада.

Полиция әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауды ескертті.