Астананың ауданаралық сотында Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сот шешімі бойынша ол орташа қауіпсіздік колониясына 10 жылға қамалады.
Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынып, шығындарды өтеу міндеттелді және мүлкін тәркілеу туралы қаулы шығарылды.
Тергеу мәліметтері бойынша, Аюпов 2013 жылы премьер-министр кеңсесінің қызметкері болған кезінде жеке компанияның иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі мөлшерде пара беруге көндірген. Сол арқылы кәсіпкер құрылыс тендерін жеңіп алуы керек болған.
Бұған дейін Аюпов 2022 жылғы 17 қазаннан бастап Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №64 аралас қауіпсіздік мекемесінде отырғаны хабарланған.
Аюпов әкім болып тағайындалғанға дейін 2022 жылдың 25 ақпанында Алматы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Махажановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 98 500 доллар пара алды деген күдікке ілінді.
2022 жылғы 11 наурызда Рашид Аюпов Кентау қаласының әкімі болып тағайындалды. Оған дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған.