"Мина қойылып жатқандай әсер қалдырады": қаржыгер базалық мөлшерлеменің төмендеуі жайлы

Ғалиасқар Думан

Белгілі қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ол бұл жаңалыққа таң қалғанын атап өтті

"Бүгін базалық мөлшерлеме 0.25%-ға төмендеді. Мен қатты таң қалдым. Мина қойылып жатқандай әсер. Инфляция әлі тұсауланған жоқ. Мүмкін бұл инфляцияны жеңгеніміздің жақсы белгісі шығар. Бірақ екінші жағынан, бұл жаңа инфляцияны тудырмай ма?", - дейді ол.

Еске салайық, Үлттық банк соңғы 3 жылда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Шешім Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің теңгерімін бағалау негізінде қабылданды», – делінген хабарламада.