Қазақстандағы ең тартымды боксшы қыз кім

Ulysmedia

Елдің ең тартымды боксшысы атанған Анджелина Лукас Танзания өкілі Стумай Мукимен өткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

«Кеше мен салмақ өлшеуге барби болып бардым, ал қарсыласым, әрине, мені бағаламады. Бірақ біздің қазақ халқы мені қолдады және менің чемпион екенімді әрі рингте нағыз жауынгерге айналатынымды білді. Мен барша қазақстандықтардың махаббатын сезіндім. Екінші раундта қарсыласымның аяғын аспаннан келтіріп, рингтің еденіне жібердім, бірақ ол есін жиып, боксты қайта жалғастырды.10 раундтың барлығында мен жеңіске жеттім. Қазақтар – бокс әлеміндегі ең мықтылар», - деп жазды Қазақстанның ең сексуалды боксшысы.

Лукас өзінің «кәсіпқой бокстағы жалғыз әлем чемпионы және сегіз айдан кейін әлем чемпионы атағын қорғаған жалғыз әйел боксшы» екенін айтты.

“Сүйікті Отанымның туын әрқашан мақтанышпен көтеріп, әлемнің абсолютті чемпионы атанамын. Мен сөз беремін. Алға, Қазақстан!» деп қосты ол.