Орынбасары сотталған БҚО әкімі отставкаға кете ме

Аян Өрібай

Бұл сұрақты әкім Нариман Төреғалиевтің өзіне үкімет кулуарында Ulysmedia тілшісі қойды.

фото: ашық дереккөзден

"Үкім әлі күшіне енген жоқ. Күшіне енсін", - деді жауап бергісі келмеген әкім.

“Ал егер күшіне енсе, отсавкаға кетесіз бе?” деген сұраққа Нариман Төреғалиев "мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес ары қарай жұмыс жүргізіледі" деп жауап берді.

Алайда ол тәртіпке сәйкес отставкаға өтінішті өзі бере ме, әлде отставканы оған ұсына ма - ашып айтпады.

Еске салайық, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Балтаев сотталды.