Түркістан прокуратурасына жыл басынан бері азаптау туралы 36 арыз түскен

Ulysmedia

Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саят Келдібеков 2023 жылдың басынан бері азаптау фактілері бойынша 36 арыз түскенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ulysmedia.kz

Барлық жағдайда дерлік полиция қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталады.

«Олар күдіктінің басына сөмке кигізген, ұрып-соққан, психологиялық қысым көрсеткен. «Бәрін өз мойныңа ал, әйтпесе, біз сенің мойныңа тағы да қылмыстарды ілеміз” деп қысым жасаған, жақын адамдарын қорқытқан және т.б.», - дейді спикер.

“Отырар” басылымының мәліметінше, қылмыстың басым бөлігін полиция қызметкерлері жасаған, олар өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған. Олардың көпшілігі үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

«Жәбірленушілер өздеріне қысым көрсетіп, басқаларды қылмыс жасады деп айыптауға, оларға қарсы айғақ беруге тырысқаны туралы мәлімдемелер болды. Мұның бәрі адам құқығын бұзады. Заңды, БҰҰ конвенцияларын және басқа да ережелерді сақтауымыз керек», – дейді Саят Келдібеков.

Еске салайық, бұған дейін құқық қорғау ұйымдарының коалициясы Орталық Азиядағы бұрынғы кеңестік республикалардың үкіметтерін, оның ішінде Қазақстанды азаптау тәжірибесін жою үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырған болатын.