Жетісуда денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды шенеунігі ұсталды

Ғалиасқар Думан

Антикор Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Жетісу облыстық департаменті басшысы Меруерт Қордабаеваның ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

Шенеунік медициналық қызмет көрсету және тиісті лицензия беру жөніндегі қызметін жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деп күдікке ілінген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

“Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қордабаева бұл қызметті 2022 жылдың қазан айынан бастап атқарып келеді.

Бұдан бұрын Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының жемқорлығы әшкереленген.