ШҚО-да заңсыз жүрген 16 шетел азаматы елден шығарылды

Ulysmedia

Шығыс Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 16 шетел азаматы елдің шегінен тысқары шығарылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

polisia.kz

polisia.kz-нің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында екі күнде ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 376 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 16 шетел азаматы елдің шегінен тысқары шығарылды.

Биыл 11-18 қазан аралығында ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімді ұйымдастыру аясында қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңсыз көші-қон фактілерін, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасында болу фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Нелегал-Кордон» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Жедел-профилактикалық шара өткізудің екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 376 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 16 шетел азаматы елдің шегінен тысқары шығарылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, заңсыз келген шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіруіне 5 жылға тыйым салынады. Уәкілетті органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтардың еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша заң бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

 Өскемен және Семей қалаларында Өзбекстан Республикасының 15 азаматы анықталды, олар жеке тұлғалардан еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алған, көп пәтерлі үйлер салып, жеке кәсіпкерлерде жұмыс істеген.

Қазіргі кезде аталған заң бұзушылық үшін жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 100 АЕК сомасында айыппұл тағайындалған, сондай-ақ шетелдік тұрғындарға қатысты әкімшілік материал толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.