Тоқаев халықты қарызға батырған банктерге шүйлікті

Айнель Аянова

Президент банктердің тұтыну несиелерін оңды-солды беруін сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кетті. Осы жағдай қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырды. Менің 2019 жылы 500 мың азаматтың кепілсіз несиесін кешіру туралы шешімім және жақында қабылданған жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң мәселені біршама реттеді. Бірақ ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар азаматтардың қаржы сауатын арттыру өте маңызды», – деді Тоқаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда халыққа несие беру шарттары өзгеретіні хабарланған.

Ұлттық банк мәліметінше, халықтың банктерге берешегі 15,5 трлн теңгеге жеткен.

Жуырда Мәжіліс депутаты Абзал Құспан өзінің депутаттық сауалында халыққа несие беру мәселесін көтерді.