Елімізде сыбайлас жемқорлық фактілерін хабарлаған немесе өзге де жолдарымен көмек көрсеткендерге сыйақы беруді көздейтін бұйрыққа қол қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құжатта жазылғандай, жемқорлық қылмыстарын анықтауға көмектескен ақпарат үшін біржолғы ақшалай сыйақы мына мөлшерлерде белгіленді:
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша - 30 АЕК (103 500 теңге);
- онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК (138 000 теңге);
- ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 50 АЕК (172 500 теңге);
- ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК (241 500 теңге);
- аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша - 100 АЕК (345 000 теңге).
«Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер құны 1 000 АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызметтер сомасының 10 пайызы, бірақ 4 000 АЕК-тен көп емес», - делінген құжатта.
Бұйрық 15 қыркүйекте күшіне енеді.
Айта кетейік, бұдан бұрын Анткор төтенше жағдай министрлігінде жемқорлықтың 70%-ын бөлімше басшылары жасағанын мәлімдеген.