Жаңадан құрылған министрліктер бюджетке қанша шығын әкеледі

Ғалиасқар Думан

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев елімізде құрылған жаңа министрліктерге жұмсалатын бюджеттік шығындар туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Министрдің сөзінше, жаңа ведомстволар үшін бөлек орын қарастырылмаған.

«Олар бұрынғы ғимараттарда отыра береді», - дейді ол.

Жамаубаев 5 жаңа министрліктің құрылуы бюджетке салмақ түсірмейтініне сендірді.

«Шығын жағы – мизерлі бөлік. Мүмкін, бюджеттің аз ғана арттырылуы ықтимал. Меніңше, экономика өсімімен жабылады. Бұл министрліктер не үшін құрылды? Олар өз саласын алға жылжыту үшін! Бізде экономиканың жан-жақты салалары өсімге жылжып барады. Қарқынды ете түсу керек. Біздің міндетіміз – жылына 6-7 пайызға өсу. Сол себепті экономиканың өсімі шыққан шығынды жабады. Шығынның өзі көп емес», - деді Жамаубаев.

Еске салайық, Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда 5 жаңа министрлік құрылды.