Мыңнан астам адам қаза тапты: Мароккода үш күндік аза тұту жарияланды

Ulysmedia

Марокко королі VI Мұхаммед жер сілкінісінен қаза тапқандарды еске алу үшін елде үш күндік аза тұту жариялап, корольдіктің мемлекеттік туларын барлық үкіметтік ғимараттарда жартылай түсіруді бұйырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Сенбі күні Рабаттағы Король сарайында жер сілкінісінің салдарына байланысты шаралар талқыланған жиын өтті. Оның қорытындысы бойынша Марокко королі үш күндік аза тұту жариялау және мемлекеттік ғимараттарда мемлекеттік туларды түсіру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар Марокко монархы баспанасынан айырылған барлық зардап шеккендерге көмек көрсетуді және жер сілкінісінен қираған аудандардағы үйлерді қалпына келтіру бағдарламасын әзірлеу үшін ведомствоаралық комиссия құруды тапсырды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жеделдету қажеттігі де айтылды.

Марракештен 80 шақырым жерде Мароккода магнитудасы 6,9 болатын жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 1037 адам қайғылы қазаға ұшырап, тағы 1204 адам зардап шекті. Бұл көптеген құрбандар мен қирауларға әкелген ауыр және жойқын оқиға болды.