Түркияда адам өлтірді деген күдікпен қазақстандық әйел ұсталды

Ulysmedia

Түркияда қазақстандық әйел түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Оқиғаны Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров растады.

«Ол түрік азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды, қазір тергеу жүріп жатыр», - деді ол.

Бұған дейін Түркияда қазақстандық журналист қызымен бірге жол апатынан қайтыс болғаны анықталған.