Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан қыз жан тапсырды

Ғалиасқар Думан

Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соққан тоғыз жасар қыз ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

видеодан кадр

Оқиға 25 тамыз күні Ұзынкөл ауылының орталық алаңында Жастар күнін тойлау кезінде болған. Іс-шараны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша жеке кәсіпкер ұйымдастырды.

30 тамызда қыздың жағдайын бағалау және кеңес беру үшін астаналық дәрігерлер Қостанай облысына ұшып барған, бірақ олар көмектесе алмады.

Құқық қорғау органдары ҚР ҚК 306-бабы бойынша (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету) тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметінен босатылып, әкім қатаң тәртіптік жауапкершілікпен құтылған.