Қазақстанда бір апта ішінде азық-түлік бағасы қалай құбылды

Ғалиасқар Думан

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен апта ішінде 0,1% төмендеді, ал жылдық мәнде 6,2% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

2023 жылғы 12 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

  • Сүт, 2,5% – 377 тг/кг
  • Күріш – 470 тг/кг
  • Қырыққабат – 170 тг/кг

Айта кетейік, ресми статистика деректері қазақстандықтардың жиған-тергенін тұтыну қажеттіліктеріне, азық-түлік пен несие төлеуге жұмсайтынын көрсетті.

Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.