Алматы облысында нашар жолдар үшін 223 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-техникалық испекторлар автожолдарда 2 мыңнан аса тексеріс жүргізген.
«Ойылып, шұңқырға айналған шұрық-тесік, кедір-бұдыр жолдар мен ашық қалған құдықтардан қауіп көп», – дейді тәртіп сақшылары.
Облыстық Полиция департаменті жауапты мамандарды жазалап, оларға бас-аяғы 8,5 млн теңгеге жуық айыппұл салды.