София соборы, Киев Лаврасы және Львов қаласы ЮНЕСКО-ның қауіп төнген нысандар тізіміне енді

Ulysmedia

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар комитетінің құрамына кіретін Киевтегі Әулие София соборы және онымен байланысты монастырлық ғимараттар, Киев Печерск Лаврасы, сондай-ақ Львов қаласының тарихи орталығының ансамблі қауіп төнген дүниежүзілік мұралар тізіміне енді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz BBC-ге сілтеме жасап.

ANNA KURZAEVA

ЮНЕСКО комитетінің мүшелері бұл нысандарға Киев пен Львовты атқылау салдарынан соғыс кезінде қауіп төніп тұр деп есептейді.

“Тікелей соққы беру қаупінен басқа, бұл нысандар басқа қалалардың бомбалануынан туындаған соққы толқындарына осал”, - деді комитет.

Мәдени ескерткіштерді тізімге енгізу БҰҰ-ға мүше елдерге осы нысандарды қорғауға үлес қосу жауапкершілігін еске салады.

ЮНЕСКО бұл қадам мемлекеттердің қаржылық және техникалық көмегін қажет етеді деп санайды.

Қаңтар айында Ресей шабуылдары кезінде Одесса да сол тізімге қосылған. Содан кейін Одесса қорғаныс немесе қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін Украина талап етуі мүмкін техникалық және қаржылық халықаралық қолдауға қол жеткізген.

Өтінішті Украина президенті Владимир Зеленский берді.

“Әулие София соборы 11 ғасырда Киевтің орталығында салынған.

Киев Печерск лаврасының әсері 17-19 ғасырларда Еуропа континентінде православиелік сенім мен идеологияның таралуына ықпал етті”, - деп атап өтті ЮНЕСКО.

Қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның жойылып кету қаупі төнген нысандар тізіміне 50-ден астам нысан кіреді, соның ішінде, Иерусалимнің ескі қаласы мен Венаның тарихи орталығы бар.