Түркия Еуроодақпен ат құйрығын кесуге дайын – Ердоған

Ulysmedia

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропарламенттің сыни есебіне жауап ретінде өз елінің қажет болған жағдайда Еуропалық Одақпен қарым-қатынастарын «үзуге» дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Осы аптада қабылданған баяндамада Түркияның 27 мүшелік қоғамдастыққа интеграциялануын қазіргі жағдайда кідіртуге тура келетіні және ЕО-ға Анкарамен ынтымақтастықтың «балама және шынайы шеңберін» қарастыруды ұсынады.

Айта кетейік, Түркия 24 жыл бойы Еуроодақ мүшелігіне ресми үміткер болғанымен, соңғы жылдары Еуроодақтың адам құқықтары, заңдылық пен тәртіпке қатысты алаңдаушылығына байланысты мүшелік келіссөздері кейінге қалдырылды.

«ЕО Түркиядан алыстауға тырысуда. Біз оқиғаларды мұқият қадағалаймыз және қажет болған жағдайда ЕО-мен қарым-қатынасты үзуге дайынбыз», – деп ашық айтты Ердоған.

Осы аптаның басында Түркияның Сыртқы істер министрлігі Еуропарламент баяндамасына жауап беріп, онда негізсіз айыптаулар мен біржақтылық бар екенін айтты және Түркия мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарға «үстірт және шектеулі көзқараспен» сипатталады деп мәлімдеді.