Қазақстандық Мағжан Шамшадин Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Үшінші орын үшін күресте отандасымыз Тәжікстаннан келген палуан Мерзод Суфиевті жеңді. Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.
«Мағжан өте мықты қарсыласпен жекпе-жекте нағыз мінез танытты. Мен оны шын жүректен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын. Бұл оның қанжығасындағы соңғы үлкен марапат емес екеніне сенімдімін», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бұған дейін Абиба Әбужақынова Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.