Сот Руза Бейсенбайтегіне қатысты істі тоқтатты – адвокат

Ulysmedia

Павлодар әкімшілік соты тіл жанашыры Руза Бейсенбайтегіне қатысты сот ісін тоқтатты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Алдыңғы күні Руза апайдың үстінен Павлодарлық полицайлардың қазақ тілін талап еткені үшін арыз жазып, әуелі қылмыстық тәртіпте тіркелген іс кейін әкімшілік іске ауысып, қаралуы сол күні 13.10.2021 жылы сағат 17.00-ге тағайындалғанын хабарлаған болатынмын. Сол кезде және әкімшілік істің қаралуы тоқтатылуы мүмкін екенін, себебі Руза апайдың адвокаты Әскербек Какимов сол әкімшілік өндірісті қозғаған лауазым иелерінің өздерінің үстінен шағым түсіргенін де айттық. Міне күткеніміздей, Павлодар әкімшілік сотының судьясы С.Жумадирова, адвокаттың шағымы қаралып болғанға дейін Руза апайға қатысты істің қаралуын тоқтатты», - деп жап жазған адвокат Абзал Құспан сот ұйғарымын әлеуметтік желіде жариялады.

Оның айтуынша, ендігі мақсат Руза Бейсенбайтегін қорлаған полицейлардың әрекетін заңсыз деп табу.

«Осыған Сіз болып, Біз болып қол жеткізуіміз керек. Айтқандай, Руза апайды қорғауға Павлодарлық және бір әріптесім кірісті, ол белгілі заңгер, адвокат - Бауыржан Азанов! Сондықтан, Руза апай жалғыз емес, екі бірдей кәсіби адвокат аяқтай қатысып жатса, Тіл майданның заң бөлімінің заңгерлері сырттай, заң орындарының әрбір қадамын қадағалап отырмыз. Одан қалса қалың елі - өздеріңіз барсыздар!» - дейді ол.