Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Анасымен байланыстамын. Баланың жағдайы орташа ауыр, есін жоғалтпаған. Сұрақтарға жауап беріп, дәрігерлердің нұсқауларын орындауда. Комаға түспеген”, – деп жазды омбудсмен.
Зәкиева оқиғаға жауаптылар жазаланатынын мәлімдеді.
“Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының сапасына қатысты тексеру жүргізіліп жатыр”, – деді ол.
Ал Астана қаласының білім басқармасы баспалдақтың қоршауы болмаған деген ақпаратты жоққа шығарып, оқиғаның қалай болғанын түсіндірді.
«Астана қаласының №14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатқанда баспалдақтан құлаған. Баспалдақтың қоршауы бар. Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында», - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын елордадағы №14 мектепте оқушы қоршауы жоқ баспалдақтан құлап, комаға түскені хабарланған.