Армения мен Қазақстан ҰҚШҰ-дан шығу туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Ғалиасқар Думан

Армения премьер-министрі Никол Пашинян қазақстандық әріптестерімен ҰҚШҰ-дан бір мезгілде шығу жөнінде консультациялар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РИА Новости

Таратылған ақпаратқа сәйкес, одақтан шығу туралы консультациялар үкімет пен арнайы қызметтердің желісі бойынша жүргізілуде.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келіссөздерді мақұлдағаны, бірақ бейтарап позиция ұстанатыны хабарланды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың мұндай диалогтарға қарсы екендігі туралы ақпарат тарады, бұл туралы Кремльге мәлімделген.

ҰҚШҰ-дан шығу тақырыбы бойынша Армения мен Қазақстан үкіметтерін бастапқы үйлестіру жұмыстарын АҚШ-тың Ереван мен Астанадағы елшіліктерінің қызметкерлері жүргізді.

Пашинянның сөзінше, Армения Ресейді өз қауіпсіздігінің кепілі деп санауды тоқтатқан.

"Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресейдің мүмкіндіктері өзгерді", - деді Пашинян.

Айта кетейік, Армения мен Ресей арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары, атап айтқанда, 2020 жылы Таулы Қарабақ соғысынан кейін, Ресей Арменияға ҰҚШҰ арқылы қолдау көрсетпеген соң шиеленісті.