ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін де індет жұқтырып жатқандар бар, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Ерлан Қиясов бұл мәліметті Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында бөлісті.
«Қазақстанда вакцина алғаннан кейін 21 813 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде Спутник V вакцинасын алған 18 471 адам, QazVac вакцинасын алған 436 адам, Hayat-Vax вакцинасын алған 2173 адам, CoronaVac вакцинасын алған 603 адам, Pfizer 17 вакцинасын алған адам (шет елдерден алған) коронавирусты жұқтырды», - деді Ерлан Қиясов.