Алматыда анасы бірінші сыныпта оқитын баласының зорланғанын айтты

Ulysmedia

Алматы тұрғыны ұлын мектепте зорлауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Оның мәліметінше, бала сабақтан кейін үйге келгенде шалбарының шап аймағы жыртылып тұрған, киімінде ақшыл дақтары бар болған.

“Ол мектептен жыртық шалбармен шыққан күн 12 қыркүйек болатын. Ал 13-і күні шалбарын тігіп берейін десем, іш киімінің іші-сыртынан нәжіспен бірге ақшыл түсті бөліністерді байқадым, тыртықтар көп. Біз оның бөксесін қарадық, қатты қызарған, көгерген тұстары бар. 102-ге қоңырау шалып, патрульдік полиция қызметкерлеріне телефон соғып, арыз жаздым», - дейді әйел.

Бала сот-медициналық сараптамадан өтіп, оның заттары да сараптамаға берілген. Оқиғадан кейін бала қалыпты ұйқысын тоқтатып, қараңғыдан қорқа бастаған. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Алматы полиция департаменті аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 3-бөлігі «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша тіркеліп, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.