Азия ойындары: Қазақстан тағы бір медаль еншіледі

Ulysmedia

Қазақстан 2023 жылғы Азия ойындарында жүлдесіз өткен бір күннен кейін қола еншіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

olympic.kz

Стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Мергендеріміз трап бойынша командалық есепте үшінші орын алды. Қазақстан құрамасының намысын Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова және Анастасия Прилепина қорғады.

Бұл спорт түрі бойынша бірінші орын Қытай құрамасына бұйырса, күміс жүлдені Үндістан құрамасы жеңіп алды.

Жерлестеріміздің бір күн бұрын жүлделі орындарға қол жеткізе алмағанын ескерсек, бұл қазақ спортшылары үшін айтарлықтай жетістік.