Анкарада Түркия Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында жарылыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Республика астанасындағы кейбір көшелер қоршауға алынды.
Әлеуметтік желідегі кадрлардан қауіпсіздік күштерінің аумақты патрульдеу жүргізіп жатқанын көруге болады.
Түркия Ішкі істер министрлігі басшысының айтуынша, лаңкестермен атыс кезінде екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алған.
Бұған дейін Түркияда адам өлтірді деген күдікпен қазақстандық әйел ұсталған болатын.