Қазақстанда қанша қарт адам тұрады?

Ulysmedia

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың басында Қазақстан халқының 60 және одан жоғары жас тобындағы саны 2 616 515 адамды құрады, бұл елдегі жалпы халықтың 13,2 пайызын құрайды. Бұл топтың 1 031 051-і (39,4%) ерлер және 1 585 064-і (60,6%) әйелдер, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Егде жастағы халықтың ең көбі - 288 922-сі Алматы қаласында тұрады, содан кейін Қарағанды ​​(200 186 адам), Түркістан (190 160 адам) және Алматы облыстарында (177 685 адам) көбірек тұрақтағаны байқалады.

2022 жылы 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылғандардың саны 308,3 мың адамды құрады. Оның 63,4 пайызы ерлер, 36,6 пайызы әйелдер. Өткен жылмен салыстырғанда 60-64 жас аралығындағы жұмыспен қамтылғандар санының 4,6%-ға азаюы байқалады, бұл жас тобындағы әйелдер үлесі 16,1%-ға айтарлықтай кеміген.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 63 жастан асқан ерлер саны 2887 адамды, ал 60 жастан асқан әйелдер саны 4189 адамды құрады. Бұл адамдардың қартайған шағында да ғылыми және білім беру ісіне белсене араласатынын көрсетеді. Олардың едәуір бөлігінің ғылыми дәрежелері мен ғылыми атақтары бар екенін айта кеткен жөн, бұл олардың еліміздегі білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесін айғақтайды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Қарттар күні тойланып жатыр. Ол сонау 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-сессиясында белгіленген болатын.