Ауғанстанда мешіттегі жарылысты «ДАИШ» өз мойнына алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ria.ru-дың мәліметінше, Қандағарда болған жарылыс – Ирак және Левант лаңкестік ұйымының ісі.
Экстремистер жанкештілердің аты-жөні мен суретін жариялады. Жарылыс кеше жұма намазы кезінде болған еді. 2 лаңкес күзетшілерді атып өлтіріп, ішке басып кірген.
Соңғы мәлімет бойынша, шабуылдан қаза тапқандар саны 63 адамға жуықтады. Ондаған кісі жарақат алған. Бұл – Ауғанстанда АҚШ әскері кеткен соң болған ең қанды оқиға.