Қазнет қолданушылары екі қазақ әйелінің қылығын қатты сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрларда әйелдердің жүлделер үшін қалай қызу жекпе-жекке шыққаны көрсетілген.
Әйелдердің бірі қарсыласын жамбасқа салып, аяғын аспаннан келтіреді және сол жарыста жеңіске жетеді.
Қазақстандықтар не болып жатқанын қызу талқылап, бұл талас-тартысты «өте ұят жағдай» деп атады.
“Қараудың өзі ұят!”, “Масқара”, “Бетсіздер екен!”, “Олимпиада ойындарын ұйымдастыру қажет болды”, “Тостмейстер мен мұндай ойындарға қатысатындары ұят”, деп жазды әлеуметтік желі пайдаланушылары.