Елшілік Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Ulysmedia

Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі 7 қазанда Израильдегі ахуалға байланысты Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Мәлімдемеде сенім телефондары нөмірлерінің тізімі жарияланды. Елшіліктің ресми сайтына жарияланған мәлімдемесінде қазақстандықтар қауіпсіздік шараларын сақтауы керектігі айтылған.

"Қауіпсіздік жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты, Қазақстанның Израильдегі Елшілігі барша (әсіресе, елдің оңтүстігіндегі) қазақстандық азаматтарды Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіз жерлерде отырып, ресми билік хабарлағанға дейін сонда қалуға қатаң кеңес береді", – деп жазды Қазақстанның Израильдегі елшілігі.

Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігінің шұғыл байланыс телефондары: +972 (3) 741 78 05 (кезекші), +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, whatsapp), +7 700 111 31 96 (whatsapp).

Бұған дейін Air Astana Тель-Авивте жүрген әуекомпания қызметкерлерін қоса алғанда, қазақстандықтардың елге аман-есен оралуын ұйымдастыру үшін қажетті шараларды жасап жатқанын хабарлады.