Қазақстандықтар әскерге шақыруды кейінге қалдыруды онлайн режимде ала алады

Ulysmedia

Қызметтерді қазірдің өзінде 11 мыңға жуық адам қолданды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы бөлімінің бастығы Сәкен Жүсіповтің мәліметінше, екі жаңа мемлекеттік қызмет биыл алғаш рет онлайн түрде көрсетілуде.

«Сіз бұл қызметтерді үйден шықпай-ақ, электронды үкіметтің ақпараттық жүйесі арқылы пайдалана аласыз. Бүгінгі күні 11 мыңға жуық адам өтініш білдірді (...), 10 мыңға жуығы кейінге қалдырылды, 1,5 мың адам жалпы әскерге шақырудан босатылды», - деді полковник.

Оның айтуынша, биыл қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатары 17 мың қазақстандықпен толығады.